30-12-20 |
430 рет қаралған
Раевка ауылындағы кездесу.
Раевка ауылындағы кездесу

Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту, жұмыссыздар санын азайту, елді мекендерде кәсіпкерлікті қолдау сынды маңызды мәселелер бойынша «Nur Otan» партиясынан Ақмола облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Ирина Жукова мен Марат Атабаев, Шортанды аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Алмаз Мұхамедьяев үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып, Раевка ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында “Nur Otan” партиясының әлеуметтік саланы көтеру барысындағы басым бағыттарына тоқтала отырып, партияның сайлауалды бағдарламасын жан-жақты түсіндірді.

Елдің көркеюі ауылды көркейтуден басталатыны аян, сондықтан ауыл тұрғындарын толғандырған мәселелер бойынша кандидаттар көптеген мәселелерді талқылады. Бұл бағытта ауданда мал шаруашылығында, өсімдік шаруашылығында және өнімді қайта өңдеуде жаңа прогрессивті технологияларды енгізу есебінен жоғары технологиялық агроөнеркәсіп кешенін құру бойынша жұмыс жалғастырылады.

«Nur Otan» партиясының қолдауымен, жергілікті атқарушы биліктің басшылығымен ауылдық елді мекендердің өзекті мәселелері оң шешімін табатыны туралы айта келе нұротандық белсенділер ауыл тұрғындарын белсенді азаматтық көзқарас танытып, 10 қаңтарында өз таңдауларын жасап, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Шортанды ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.