28-04-23 |
2120 рет қаралған
Соңғы 5 жылда ұлттық киімге деген сұраныс артқан.
Соңғы 5 жылда ұлттық киімге деген сұраныс артқан

Елімізге әлемнің түкпір-түкпірінен арнайы келетін қадірлі меймандар көбінесе ұлттық киімдерге қызығушылық білдіріп жатады. Қонақтарға сый-құрмет көрсету үшін әлі күнге дейін шапан кигізу дәстүрі жалғасуда. Статистика бойынша соңғы 5 жылда ұлттық киімге деген сұраныс артты. Мәселен ұлттық нақыштағы киім-кешектер мен әшекей-бұйымдар бұрын тек арнайы мерекелерде ғана ұлықталаса, қазір күнделікті өмерде кеңінен қолданылуда.

Бүгінде сәнге құмар қыз-келіншектер оюлар мен көмкерілген қазақи киімдерді қазіргі заманға сай икемдеп киюді әдетке айналдыруда. Ер-азаматтарымыз да күнделікті өмірде тойларда, мерекелік шараларда заманауи стильдегі сәнді шапандарды киіп жүргендеріне куә болудамыз.
Қазақша кинуді жеңіл пиарға айналдырушылар мәселесі «Ел аузында» бағдарламасында талқыланып, әнші Ғаділбек Жанай өз пікірін ортаға салды. Оның айтуынша, ұлттық киім кию бұрын қатты ұят болған.

«Білмеймін неге екенін, сондай уақыт болды. Қазақша киінсең баяғыны, ескіні көксеп жүрген адам секілді боп көрінетінсің. Әрине ол дұрыс емес, әр халықтың өз ерекшелігі бар»,- дейді ол. Ал қазір әншінің айтуынша ұлттық киім – қазақты әлемге танытатын таптырмас бренд.

Белгілі әнші Димаш Құдайбергенге ұлттық нақышта шапан тіккен дизайнер Тарбия Айдынбаева: «Димаш біздің ұлтық киімді киіп шыққаны біз үшін үлкен мәртебе. Рухы биік ұлтшыл азаматтар осындай ұлттық киімге деген ерекше өзінің ықыласын білдіріп, ұлттық киімді киіп шығуы көз тойдырады. Әр елден келген Димаштың жанкүйерлеріне, тыңдармандарына біздің ұлттық нақыштағы шапандарымыздың ұнағандығын келесі күні фейк аккаунттарда TIK-TOK желілерінде сондай шапандарды киіп видео түсіргендерін байқадық және бұл біз үшін үлкен қуаныш болды»,-дейді.

Қазіргі уақытта көбіне тақия, ұлттық нақыштағы шағын сөмкелер сәнге айналды деуге болады. Қазақи ою-өрнектермен көмкерілген бұндай киімдер заманауи стильде тігілген. Көз қуантарлығы ақ жаулықты әжелеріміз де сәннен қалмауда. Әжелеріміз де бастарына тағатын орамалдың сәнді әрі ыңғайлы болуын қалайды. Қонаққа барғанда ақ жаулықты әжелеріміз тюрбан тағып жүргенін байқаймыз. Бұдан түйетініміз қазіргі кезде адамдардың киімге ерекше мән беріп қарайтынын көреміз.

Ең әдемі киім-ұлтыңның киімі екенін естен шығармайық.

Зарина Раматуллаева
1 курс студенті

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.