09-03-23 |
690 рет қаралған
Алматыда әйелдер құқығына арналған митинг өтті.
Алматыда әйелдер құқығына арналған митинг өтті

Кеше Алматыдағы Ганди саябағында әйелдер құқығын қорғауға арналған митинг өтті, оған кемінде 500 адам жиылды.

Әуеліде митингіні шерумен бірге ұйымдастыру жоспарланған еді, бірақ әкімдік оны өткізуге рұқсат бермеді.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, митинг былтыр тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан қаза тапқандарды еске алу үшін бір минут үнсіздікпен басталған, деп жазды Zakon.kz.

Биылғы митингінің тақырыбы – «Дене автономиясы үшін – сексуалдандырылған зорлық-зомбылыққа қарсы».

Қазақстанда 2022 жылы зорлаудың 373, ал биыл 72 фактісі тіркелген. Жиылғандар алаңға әйел құқығы мәселесін көтеретін түрлі плакат әкелген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.