06-09-22 |
560 рет қаралған
Алматыда студенттер метро мен саябақта түнеп жүр ме?.
Алматыда студенттер метро  мен саябақта түнеп жүр ме?

Бұған дейін әлеуметтік желіде үй-күйсіз жүрген жастардың далада түнеп жүргені туралы ақпарат тараған.

Ғылым және жоғары білім министрлігі желіде тараған Алматыдағы студенттер далада қонып жүр деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

«Алматыдағы студенттер далада қонып жүр» деген сарындағы хабарламалар соңғы күндері бірқатар ақпараттық сайт пен әлеуметтік желіде тараған еді. Министрлік оларды мұқият зерделеп, көпшілігі бір парақшадан алынғанын және ондағы мәліметтің расталмағанын хабарлайды. Осыған орай қоғам өкілдері мен Бұқаралық ақпарат құралдарын тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз», – делінген министрлік таратқан мәліметте.

Сондай-ақ, қажет болған жағдайда орын жетпеген студенттер хостелдер мен қонақүйлерге орналастырылатыны айтылған.

«Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев студенттерді жатақханамен қамту мәселесі толық шешілгенше Алматыда болады. Ол жағдайды тікелей бақылауында ұстайды», – делінген министрлік хабарламасында.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.