02-05-23 |
420 рет қаралған
Анна Башинская депутаттық мандатынан бас тартты.
Анна Башинская депутаттық мандатынан бас тартты

Алматы мәслихатындағы Amanat партиясынан сайланған депутат Анна Башинская өз өкілеттігін тоқтатты. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды.

«Өз әрекеттеріммен еліміздің бейбіт саясатына көлеңке түсіргім келмейді. Осы күндері көп нәрсені ой елегінен өткізіп, менің әрекетімді айыптағандардың барлығының нені айтқысы келгенін жақсы түсіндім. Бүгінгі қиын жағдайлар кезіндегі менің сол бір пікірім орынсыз айтылғанын тағы да атап өткім келеді. Осылайша, қоғам алдында жағдайды күрделендіре түскендей болдым», – деп жазды ол.

Осыған байланысты, Анна Башинская атап өткендей, ол «партияның ресми ұстанымын» толығымен құптайды, делінген Zakon.kz таратқан мәліметте.

«Жеке жауапкершілікті сезіне отырып, мен депутаттық өкілеттігімнен бас тарту туралы шешім қабылдадым. Жіберген қателігім үшін барлық ел азаматтарынан және партия қатарындағы әріптестерімнен шын жүректен кешірім сұраймын. Баршаңызға жақсылық пен бейбітшілік тілеймін», – деп сөзін түйіндеді ол.

Бұған дейін «Аманат» партиясы мәслихат депутаты Анна Башинскаяның айтқан сөздеріне түсініктеме берген болатын. «Amanat» партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы Станислав Канкуров атап өткендей, «Анна Башинскаяның сөзі Amanat партиясының ұстанымына сәйкес келмейді». Ол «партия басқа елдердің саясатына араласпайтынын» баса атап өтті.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.