24-08-22 |
750 рет қаралған
Ассамблеяны тарату жөнінде петиция жарияланды.
Ассамблеяны тарату жөнінде петиция жарияланды

Әлеуметтік желіде Қазақстан халықтары ассамблеясын тарату жөнінде петиция жарияланды.

Ассамблея кеше Украина елшілігіне наразылық танытқан болатын. Бұл әрекет Қазақстан азаматтарының шамына тиді. Көпшілік елдегі этносаралық жанжалдарда, сырттан қазақ ұлтына қарсы қоқаң-лоққы жасалғанда үнсіз қалатын Ассамблея бізге керек емес деген уәждерін айтып, оны тарату жөнінде петиция ұйымдастырды.

Саясаттанушы Мұхтар Тайжан да бұл петицияны қолдайтынын жазды.

«Ассемблеяның төрағасы президент Тоқаевтың өзі болса да таратылсын деп айтам! Бұрын да бұны айтқам. Қазір де бұндай пікірдемін. Бүгінге дейін бұл Ассамблея аман болып тұрғаны «Жаңа Қазақстанның» идеологтарына үлкен сын»,-деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Сондай-ақ, қоғам белсенділерінен өзге журналистер, блогерлер де ассамблеяның таратылуын қолдап жатыр. Мәселен, белгілі журналист, блогер Жанна Ильичёва ассамблеядан бұрын да, бұл ұйым жоқ кезде де Қазақстан халқы  бірлікте өмір сүріп, өзара тату әрі бір-біріне көмектесіп келгенін, сондықтан ассамблеяның түкке керегі жоғын жазды.

«Ассамблея народа Казахстана гордо молчала, когда Казахстан подвергался нападкам политических и медийных персон северного соседа, которые делали публичные заявления по вопросам территориальной целостности нашей страны. И даже не посчитала нужным поддержать нашего президента, когда он озвучил претензии президенту России на международном экономическом форуме в Санкт Петербурге.

И мы уже все благополучно забыли, что Ассамблея существует. Тем более, с самого начала этого года всем как-то не до песен и плясок. Но вот сегодня они появилась в публичном пространстве, озвучив претензию послу Украины, как будто МИД без них не разберётся. Кстати, МИД они тоже не поддержали, когда Мухтар Тлеуберды вынужден был заявить, что вопрос л признании ДНР и ЛНР не стоит на повестке дня.
Знаете, в чём сила Казахстана? В нашем народе, который сам может сплотиться и, например, собрать деньги для тех, кто нуждается в помощи. При этом никто не будет смотреть на цвет волос и разрез глаз. Для этого нам не нужна никакая ассамблея. И в политическом плане народ Казахстана тоже сам разберётся. Расходитесь уже по домам, а мы – народ Казахстана как-нибудь без вас были, есть и будем!»
БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.