Трансферлік құны бойынша Қазақстан премьер-лигасындағы ең қымбат үш футболшы «Астана» сапынан, – деп хабарлайды Vesti.kz.
Осылайша, рейтингті 31 жастағы хорватиялық хавбек Марин Томасов бастап тұр, трансферлік құны – 3 миллион еуро.
Екінші орынды Қазақстан құрамасының футболшылары Роман Муртазаев пен Дмитрий Шомко бөлісіп отыр. Трансферлік құны – 2,5 миллион еуро. Былтыр жазда ғана «Астананың» 25 жастағы шабуылшысы 1,2 миллионға бағаланған, ал 28 жастағы қорғаушының трансферлік құны өзгермеген – сол кезде 2,5 миллион еуро болған.
Тізімде төртінші Қазақстан құрамасының ойыншысы және «Қайрат» командасының капитаны Бауыржан Исламхан – 2,3 миллион еуро. Бесінші орынды «Ордабасы» және Қазақстан құрамасының шабуылшысы Алексей Щеткин мен Қазақстан тумасы, қазір Белорусь құрамасы мен қостанайлық «Тобыл» форварды Михаил Гордейчук бөлісіп отыр – 2 миллион еуро.
Жетінші орында ұлттық құраманың тағы бір ойыншысы, «Қайрат» сапындағы Исламбек Қуат, трансферлік құны 1,8 миллион. Оның соңында алматылық клубтың тағы бір футболшысы – украиналық шабуылшы Адеринсола Эсеола – 1,7 миллион еуро.
Тоғызыншы орында «Астананың» конголезиялық форварды Жуниор Кабананга, босниялық қорғаушы Марин Аничич және «Қайрат» пен құрама қорғаушысы Гафуржан Сүйімбаев тұр – 1,5 миллион еуро.
Осылайша, рейтингте «Астананың» бес, «Қайраттың» төрт және «Тобыл» мен «Ордабасының» бір-бір футболшысы бар екен. Айта кетейік, Щеткин жақында шымкенттік командаға ауысты, ал оны «Астанадағы» ойыны арқылы бағалаған.
Дереккөз: .tengrinews.kz
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
13.11.2024
-
13.11.2024
-
13.11.2024
-
13.11.2024