30-04-23 |
660 рет қаралған
Азық-түлік бағасы қашан тұрақтанады?.
Азық-түлік бағасы қашан тұрақтанады?

Айлық көрсеткіші төмен сандарды көрсетіп тұрса да азық-түліктің бағасы жоғарлаудан шаршамауда. Қазақстандықтардың жұмыс істеп алған айлықтары тек қана азық алуға жетуі өкінішті жағдай.

Қарапайым халықтың мұншалықты қымбат азық-түлікті алуға бірінің жағдайы жетсе, енді бірінің жағдайы жетпей жатқаны рас-ақ. Күнделікті қолданыстағы дәнді дақылдар, сүт өнімдері, өсімдік майы, қант және т.б. тағамдардың бағасы адам шошытарлық. Еліміздегі инфляция қаңтар айында 1,1%-ға өскен. Ал 2022 жылдың аяғында бір жылда азық-түліктің бағасы 25,3% болды. Заң бойынша әрбір тауарға 15%-дан артық баға қойылмауы тиіс. Бірақта бұл заңды саудагерлер елемей отыр. Ойларынан шыққан сандар арқылы тауардың құнын екі-үш еселеп қояды. Заң бәрімізге ортақ екенін, оған қарсы шықпауымыз керек екенін есімізден шығармағаймыз!

Көкөністердің де бағасы қалыспай тұр. Жаңа піскен көкөністердің бағасы 10,5%-ға өскен. Өткен жылдың соңғы айында қияр 35,6%, қызанақ 14,6%, пияз 7,9%, қызылша 3,8%-ға қымбаттады. Өнімдердің қымбатшылығы бойынша үш өңір көш бастап тұр. Атырау облысы 17,1%, Қарағанды облысы 14,0%, Ұлытау облысы 12,6%. Ал ең төмен баға Шымкент қаласы мен Маңғыстау облысында 0,7%. Азық-түліктен бөлек тұрмыстық қолданыстағы тауарлардың да бағасы қымбаттаған. Ыдыс жууға арналған заттың құны-4,5%, кір жуғыш ұнтақ 4%-ға артқан. Сонымен қатар техникалық заттардың да кұны өсті. Айта берсек бағалары шарықтаған тауарлар өте көп.

Қазақстандағы азық-түлік инфляциясының артқандығы бойынша президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев 19 сәуірдегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөз қозғады. Тоқаев елімізде инфляция соңғы 15 жылда болмаған деңгейге жеткенін айтып, үкімет министрлерінің бағаны ұстап тұруға бағытталған қадамдарынан оң нәтижені байқамағанын айтты.

«Жұрттың ай сайын жұмсайтын қаржысының тең жартысынан көбі азық-түлік алуға кетеді. Үкіметтің әрекеті жеткіліксіз болып отыр. Тыйым салу және шектеу шаралары уақытша ғана әсер етеді. Мұндай қадамдар қиындықтың бетін қайтарса да, одан біржола құтылуға мүмкіндік бермейді, тіпті, мәселені ушықтырады деуге болады”, – деді мемлекет басшысы.

Бағаның өсуі қай уақытта тұрақталатыны белгісіз. Күн көріс күннен күнге қиындап бара жатыр. Биліктегілер бұл бағытта тиімді жұмыс істеп, бағаны тұрақтандыруға кұш салуы керек.

Сымбат Құрманбек
1 курс студенті

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.