10-11-22 |
380 рет қаралған
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік 20,7%-ға қымбаттады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік 20,7%-ға қымбаттады

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 0,2%-ға, жыл басынан бері 20,7%-ға қымбаттаған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

«Жылдық мәнде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 20,2%-ға қымбаттады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6,4 пайыздық тармаққа жоғары», – делінген ақпаратта.

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, өткен аптада сәбіз (0,7%) бен қант (0,2%) бағасы түскен.

Ал, бірінші санатты жұмыртқа бағасы 1,6%-ға, пияз – 0,7%-ға, орамжапырақ 0,6%-ға қымбаттаған көрінеді.

2022 жылғы 8 қараша бойынша еліміздегі әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы келесідегідей:
Рожки – 294 тг/кг
Сиыр еті, жауырын-төс бөлігі – 2279 тг/кг
Айран 2,5% – 349 тг/литр
Айта кету керек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізбесіне 19 өнім кіреді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.