21-02-23 |
630 рет қаралған
Майқайың ауылының тұрғындарын не толғандырады?.
Майқайың ауылының тұрғындарын не толғандырады?

«AMANAT» партиясының Павлодар облыстық филиалынан депутаттыққа кандидаттар: Арман Рахмашев, Қуаныш Ботин, Салтанат Қалиасқарова мен Серік Садуақасов сайлауалды үгіт насихатпен Майқайың ауылына барды.

Тұрғындарының айтуынша, ауылда нашар жолдар, сумен жабдықтау, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің жетіспеушілігі және интернет желісінің нашар байланысы сынды мәселелер бар.

Партияның қоғамдық қабылдау бөлмесіне ауыл тұрғындарынан ұялы байланыс пен интернет желісіне қолжетімділіктің жоқтығы туралы өтініштер мен шағымдар үнемі келіп тұрады, — деді Павлодар облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Арман Рахмашев.

Оның айтуынша, өңірде ұялы байланыспен жалпы қамту 96,9%, интернет – 96,3% құрайды. «AMANAT» партиясы ұялы байланыс пен интернеттің сапасын жақсарту мәселелерін ерекше бақылауға алады.

Серік Садуақасов жолдардың сапасына қатысты азаматтардың әділ сынын үнемі еститінін атап өтті.

– Сапалы жол — бұл азаматтардың қауіпсіздігінің, медициналық көмектің, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігінің кепілі, экономика мен сауданы дамытудың маңызды шарты, – деді ол.

Партия жергілікті маңызы бар 74 шақырым автомобиль жолын қайта жаңарту бойынша шаралар қабылдайды. Ұзындығы 1 мың шақырымға жуық жергілікті маңызы бар жолдарға орташа жөндеу жүргізуге, елді мекендердің көшелеріне кемінде 400 шақырым жол жөндеуге қол жеткізілетін болады.

Павлодар облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.