11-02-21 |
850 рет қаралған
Наурызды әркім өз отбасында тойлайды.
Наурызды әркім өз отбасында тойлайды

Денсаулық сақтау министрлігі Наурыз мерекесін отбасы мүшелерінің ортасында қарсы алуға кеңес берді. Мереке кезінде адам көп шоғырланатын жерге бармаған дұрыс. Қоғамдық орында арақашықтықты сақтауды ескертті.

«Бүкіл әлемде эпидемиологиялық жағдай күрделі. Бас санитарлық дәрігердің шешімі бойынша, барлық бұқаралық іс-шараларға тыйым салынады. Наурызда қосымша шектеу шараларын енгізу аймақтардағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Әр облыстың бас санитарлық дәрігері қаулы қабылдайды. Егер бәрі қалыпты болса, біз осы формада жұмыс жасай береміз. Бірақ бұқаралық іс-шаралар өткізілмейді. Наурызды әркім өз отбасында тойлауы керек», – деп түсіндірді денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.