30-11-21 |
490 рет қаралған
Нұр-Сұлтандағы әскери-клиникалық госпитальге түске сарбаз үш күннен кейін қатыс болды.
Нұр-Сұлтандағы әскери-клиникалық госпитальге түске сарбаз үш күннен кейін қатыс болды

2021 жылдың күзінде әскери қызметке шақырылған жігіт Нұр-Сұлтандағы Бас әскери-клиникалық госпитальда қайтыс болды. Ақпаратты Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растайды. 

 

«2021 жылғы 28 қарашада Нұр-сұлтан қаласының Бас әскери-клиникалық госпиталінде  2003 жылы туған әскери қызметші Сариев Бобир Халматович қайтыс болды.

25 қарашасында мерзімді қызметтегі сарбаз ауруханаға жақ астының зақымдануы, дене температурасының көтерілуі, септикалық жағдайдың және инфекциялық-токсикалық шоктың даму белгілерімен түсті», – делінген әскери дәрігерлерге сілтеме жасап ведомствоның ресми хабарламасында.

Әскери дәрігерлер қажетті емдік, реанимациялық іс-шаралар кешенін жүргізді, сарбаздың денсаулығы мен өмірін сақтау үшін барлық шараларды жасады делінген.

Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Сариев 2021 жылдың күзінде Түркістан облысынан Нұр-Сұлтанда орналасқан Құрлық әскерінің әскери бөліміне мерзімді қызметін өтеуге шақырылды.

Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қарулы Күштердің жеке құрамы Бобир Сариевтің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.