22-09-22 |
370 рет қаралған
Прокурор Қайрат Сатыбалдыны 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Прокурор Қайрат Сатыбалдыны 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Мемлекеттік айыптаушы сотта Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыұлын алты жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

«Мүлкі тәркіленіп, 10 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, алты жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын», – деді прокуратура өкілі Жангелді Есебаев.
Сонымен қатар жазасын орташа қауіпсіз мекемеде өтеуін және Сатыбалдыұлын Ұлттық қауіпсіздік органдарының генерал-майоры атағынан, сондай-ақ «Құрмет» және «Парасат» ордендерінен айыру туралы ұсыныс енгізуді сұрады.
«Сатыбалдыұлының қамауда ұстау уақыты жаза мерзіміне 1 күн – 1,5 күн болып есептелсін», – деді прокуратура өкілі.

Айта кетсек, бұған дейін айыпталушы барлық кінәсін мойындап, келтірілген 12 млрд теңгені өтегені өтеген болатын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.