25-10-22 |
470 рет қаралған
Қазаққа тіл тигізген қарағандылық қамауға алынды.
Қазаққа тіл тигізген қарағандылық қамауға алынды

Қазақ ұлтына тіл тигізген ер адам Путиннің саясатын қолдайтынын жеткізген.

Қарағанды тұрғыны, өзге ұлт өкілі әлеуметтік желіде жазба жариялап, онда қазақ халқына және Президентке тіл тигізген. Ол: «Менің Қазақстаным деп айта бермей, жолдарыңды жөндеңдер, қоқыстарыңды жинап алыңдар, сендер кімге керексіңдер?» – деп бейнежазба қалдырып, қазақ халқын боқтап, тілдеген. Оның тик-ток желісіне жариялаған жазбасына қазақстандықтар наразылықтарын білдіріп, пікір қалдырған. Желі қолданушылары «ұлтқа тіл тигізгендер кешірім сұраумен құтылып кете бере ме?» деп қынжылады.

Көп ұзамай полиция департаментінің мамандары ер адамның тұрғылықты жерін анықтап, қолға түсірді, деп жазды inbusiness.kz.

«Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлерімен 42 жастағы қала тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде», – деп мәлімдеді Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.