21-01-21 |
1890 рет қаралған
Қазақстанда 50 мың адамның жалақысы 45 мың теңгеге жетпейді.
Қазақстанда 50 мың адамның жалақысы 45 мың теңгеге жетпейді

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 50 мыңға жуық қазақстандық айына 45 мың теңгеден аз табыс табады. Бұл жалдамалы қызметкерлердің жалпы санының 2% – ға жуығы. Көбінесе мұндай жалақы Қарағанды және Түркістан облыстарында кездеседі,- деп хабарлайды  Arasha.kz.

30 мыңға жуық қазақстандық айына миллион теңге алады. Мұндай жалақы Атырау, Алматы және Нұр-Сұлтан тұрғындарына тиесілі.

Еңбек қабілетті тұрғындардың негізгі бөлігінің жалақысы 150-ден 210 мың теңге. Бұл жалдамалы жұмысшылардың 18%. Ел азаматтарының тағы 16% – ы 45-тен 75 мың теңгеге дейін жалақы алады.

Бюроның есебіне сәйкес, елде үш миллион ресми жалдамалы қызметкерлер бар.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.