20-09-22 |
320 рет қаралған
Қоғам үшін бұл да бір жаңашылдық.
Қоғам үшін бұл да бір жаңашылдық

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының президенттік мандатты 7 жылға ұзарту керек деген ұтымды ұсынысын бір ауыздан қолдаймын. Себебі бүгінгі күннің талабына қарай осы ұсынысты еліміздің тұтас өңірі қажет деп тауып отыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Жалғас Толғанбай айтты.

Ел көшін бастайтын Президентіміздің бұл жүйелі жұмыс жоспары күн тәртібіне енгізілуі тиіс. Біріншіден, бұл – біздің демократияға бір қадам жақындата түседі. Мысалы, Армения мен Израильде Президент бір-ақ рет жеті жылға сайланады. Ал Оңтүстік Корея мен Албанияда 5 жылға сайланады. Сонда енді көрмейсіз бе, дамыған елде демократия бар. Бұл да біздің қоғам үшін бір жаңашылдық.
Екіншіден, 7 жыл – стратегиялық бағытты айқындап алуға алуға жеткілікті мерзім. Осы аралықта талай істі атқарып, Жолдауда айтылған әлеуметтік реформаларды жүзеге асыра алады. Сондықтан Президенттің мойнына алған жүкті, халық аманатын орындауы қалды. Сонымен қатар, Қазақстанның экономикасы әртараптандырылуы іске асырып, елдің көркейе түсетініне сенемін.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.