23-10-22 |
1580 рет қаралған
Қытайда бұрынғы басшы Ху Цзиньтао компартия съезінен «күшпен» шығарылды.
Қытайда бұрынғы басшы Ху Цзиньтао компартия съезінен «күшпен» шығарылды

22 қазанда Қытай коммунистік партиясының съезінде президиумда отырған бұрынғы басшы Ху Цзиньтао залдан «күшпен» әкетілді. Қызметкер оны залдан жетектеп әкетті. Бұл жөнінде BBC-дің Орыс қызметі жазды. Видеокадрларға қарағанда, 79 жастағы Ху Цзиньтао мұны күтпеген тәрізді. Оқиға себебі түсіндірілмеді.

Ху Цзиньтао компартия съезінде президиумда – қазіргі басшы Си Цзиньпиннің жанында отырған. Ху Цзиньтао кетіп бара жатып Си Цзиньпинге бірдеңе дейді, ал Си басын изейді. Бұдан соң Қытайдың бұрынғы басшысы отырыс залынан шығарылды, деп жазды Азаттық радиосы.

16-22 қазан аралығында өткен Қытай коммунистік партиясының съезінен соң Си Цзиньпин үшінші рет бес жылдық мерзімге сайланады деп айтылған. Сенбі күні съезде партия жарғысына түзетулер мақұлданып, партияның орталық комитетінің мүшелері қайта сайланды. Тізімге саяси бюроның тұрақты комитетінің жеті мүшесінің төртеуі кірмеген. Бұлар: премьер-министр Ли Кэцян, Ван Ян, Ли Чжаньшу мен Хань Чжэн. Бұған дейін соңғы екеуінің отставкаға кететіні айтылған.

Ақпаратқа қарағанда, партия жарғысына Тайвань тәуелсіздігіне қарсы тұру жөнінде де пункт енгізілген.

Ху Цзиньтао Қытайды 2003-2013 жылдар басқарған. Бес жылдан екі мерзім отырған соң билікті Си Цзиньпинге берген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.