03-11-22 |
330 рет қаралған
Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде жеңіліске ұшырады.
Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде жеңіліске ұшырады

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Ресейдің Украина мен АҚШ биологиялық қаруға тыйым салу туралы конвенцияны бұзатын «әскери-биологиялық» қызметпен айналысады деген негізсіз талаптарын тергеу жөніндегі комиссия құру әрекетін көпшілік дауыспен қабылдамады.

Ресей бастамасын қолдаған жалғыз ел Қытай болды. АҚШ, Ұлыбритания мен Франция қарсы дауыс берді, ал қалған он кеңесші дауыс беруден бас тартты.

Inbusiness.kz сайтының жазуынша, кем дегенде 9 дауысқа ие болмаған соң қарар қабылданған жоқ.

Дауыс беру нәтижелері Кеңестің 24 ақпанда Украинаға басып кіргеннен кейінгі Ресейдің іс-әрекеттеріне деген наразылықтың дәл көрінісі болды. Өткен аптада Ресей Кеңес мүшелеріне қарар жобасы мен Украинадағы биолабораторияларда АҚШ Қорғаныс министрлігінің қолдауымен әскери-биологиялық қызмет жүргізіліп жатқандығы туралы 310 беттік құжатты таратты.

АҚШ елшісі Линда Томас-Гринфилд АҚШ «құжатта көрсетілген барлық айыптаулар негізсіз, сенімсіз ақпаратқа сүйенген былық болғандықтан» қарарға қарсы дауыс берілгенін айтады.

«Бұл ресейлік алдау әдісі, өтіріктің тағы бір көрінісі, бірақ әлемді алдай алмайсың», – деді Томас-Гринфилд.

Америкалық дипломаттың айтуынша, «Ресей бұл жалған айыптауларды растайтын нақты дәлелдер келтірген жоқ» және пікір білдірнен елдердің басым көпшілігі «Ресей көтерген мәселелер негізсіз және мәселе түпкілікті шешілді» деп санады. Алайда, Томас-Гринфилдтің айтуынша, Ресей мұны да аздық көріп, «өз позициясын теріс пайдаланып, бізді қорлау арқылы дәл осындай жалған шағымдарды орынсыз алға тартты».

Дауыс беруден тартынған Мексика елшісінің орынбасары Хуан Мануэль Гомес Робледо Ресей тергеуді бастау үшін ешқандай дәлел келтірмегенін айтты.

Томас-Гринфилд бұл отырысты «уақытты босқа кетіру» деп атап, бұл мәлімдемелер Мәскеудің Украинадағы ресейлік күштер жасаған қатыгездігі және ақталмайтын соғысты ақтау үшін істеп отырған әрекеті екенін айтты.

«Украинада биологиялық қару жасау бағдарламасы жоқ», – деді ол.

Ресейдің БҰҰ-дағы Елшісі Василий Небензя АҚШ-ты Украинада қауіпті патогендермен жұмыс жасады деп айыптады.

Алайда, Томас-Гринфилд Ресейдің талаптары «көптеген себептерге байланысты ақылға қонымсыз, өйткені мұндай түрлерді қару ретінде қолдануға болатын болса да, мұндай қару еуропа континентіне және Украинаның өзіне кез-келген басқа елге сияқты қауіп төндіреді» деп қарсылық білдірді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.