27-10-22 |
550 рет қаралған
Ресейде соғысқа наразыларды ұстап әкету жалғасып жатыр.
Ресейде соғысқа наразыларды ұстап әкету жалғасып жатыр

Омбыда бес полиция қызметкері соғысқа наразылық танытқан жалғыз әйелді ұстап әкетті. Богдан Хмельницкий ескерткіші жанына шыққан әйел «Әйелдер соғысты тоқтатыңдар» деген жазуы бар плакат ұстап тұрған.

«Омбы азаматтық бірлестігі» телеграм-каналының жазуынша, әйел қолындағы плакатты жинаудан бас тартқан, артынша оны полицейлер көлікке еркінен тыс сүйреп, салып әкеткен.

ОГО жобасының құқыққорғаушылары ұсталған әйелге көмек көрсету үшін іздеп жатқандарын жазды.

Әзірге ұсталған әйелдің үстінен хаттама толтырылды ма әлде оған басқа үкім кесіле ме ол жағы белгісіз.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.