27-09-22 |
430 рет қаралған
Саяси өзгерістер әділетке негізделуде – жазушы.
Саяси өзгерістер әділетке негізделуде – жазушы

– Ең біріншіден, алдағы уақытта өтетін кезектен тыс президент сайлауының қарсаңында бір дүниені айтқым келеді. Соңғы саяси өзгерістерге қарасақ, ел билігі Батыс қоғамындағыдай әділетті, өркениетті һәм демократиялық жолға түсуді мақсат еткені аңғарылады. Бізге қажетті нәрсені тап басып отырғаны көңілге қонды. Мұны қоғам көп уақыттан бері сұраған болатын.
Саяси реформалардың бір бағыты ретінде қарашада өтетін президент сайлауын қосып отыр.

Негізі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылы 5 жылға сайланғанын ескерсек, әлі 2 жылы бар еді. Дегенмен сайлауды ерте өткізуге қажеттілік туғандай. Өйткені сол уақыттан бері билік біршама жаңарды, қоғамның көзқарасы түрленді. Жаңа көзқарасқа жаңаша бағдар, бұрынғыдан бөлек іс-әрекет керек. Сондықтан ел басшысын ертерек анықтап алып, бар жауапкершілікті қолына тапсырып, нәтижесіне үміт артқан абзал. Әрине, халықтың сайлауға белсене қатысары белгілі. Таңдауын жасап, көшбасшы ретінде көңілі қалаған адамға сенімін артады. Сенім ұғымының ішіне бәріне сияды. Атқаруға тиісті жұмыстарды мұқият істесе, мемлекет келешегін жүйелі түрде ойластырса, халықтың қажеттілігін түсініп, уағында өтей алса, тұрақтылықты сақтаса – сенімнің ақталғаны. Солай боларына үміт артамыз. Үмітіміз ақталса үлкен саяси реформалардың нәтиже бергені болмақ. Осындай жауапкершілігі мол кезеңде әркім өз таңдауы арқылы мемлекеттің болашағын жасағалы отырғанын ұмытпаған абзал. Саяси өзгерістердің соңы тек жақсылыққа ұласарына дәмеліміз.

Бексұлтан Нұржекеұлы

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.