03-03-21 |
620 рет қаралған
Шымкентте полицейлер тілшіні соққыға жықты.
Шымкентте полицейлер тілшіні соққыға жықты

Шымкентте «Астана» теларнасының тілшісі Бахрамбек Тәлібжановты полицейлер сабап тастады. Тәртіп сақшылары тілшінің қолынан қайырып, денесіне соққы жасаған, деп хабарлайды Arasha.kz «Әділ сөз» қорына сілтеме жасап.

Оқиға 2 наурыз күні болды. Түңгі уақытта Шымкенттегі көлік бөлшектері қоймасынан шыққан өрт оқиғасына қатысты репортаж жасауға келген тілшінің жұмысына тәртіп сақшылары кедергі болған. Журналистке видео түсіруге тиым салған.

«Үш полицей Бахрамбек Тәлібжановтың қолын бұрап, біреуі бетінен, кейін бүйрек тұсынан соққы жасады. Осы уақытта Бахрамбектің әріптесі 31-арна тілшісі Бахром Әбдуллаев келді. Ол оқиғаны телефонға түсіре бастады. БАҚ өкілдерін Абай аудандық ішкі істер бөліміне жеткізді», – деп жазды «Әділ сөз» қоры.

Тілші оқиғаға қатысты полиция бөлімшесіне арыз түсірді.

Шымкент қаласы полиция департаментінің басшысы Е. Жұмаханбетов қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.