27-09-22 |
470 рет қаралған
Смайылов ресейліктерге қатысты мәлімдемесіне түсінік берді.
Смайылов ресейліктерге қатысты мәлімдемесіне түсінік берді

Отырысты бастамас бұрын, кеше Үкіметтің көші-қон мәселелеріне қатысты өткізген жиынындағы мәліметтерге байланысты қоғамда дұрыс түсінбей жатқандар бар, деді ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов.

Ол шетел азаматына заң аясында қызмет көрсетілетінін жеткізді.

«Біз халықаралық міндеттерімізді орындай отырып, өз еліміз бен халқымыздың мүддесінен жоғары құндылық жоқ екенін ұмытпауымыз керек. Ең маңызды мәселенің бірі құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік. Сонымен бірге арендалық тұрғын үй бағаларының өсуінен өз азаматтарымыз қиын жағдайға тап болып отыр. Жауапты органдар тұрғын үй нарығындағы ахуалды тұрақтандыру бойынша шара қабылдау қажет», -деді ол.

Еңбекпен қамту бойынша ең алдымен қазақстандықтардың жай-күйі, жұмыс жағдайы біз үшін бірінші кезектегі басымдық болуы тиіс, деген Смайылов барлық кәсіпорындар мен мекемелер осыны естен шығармау керектігін айтты.

«Ал, көршілес елден келген мигранттар белгіленген заңнама шеңберінде ғана еңбек ете алады. Жағдайды күнделікті бақылауды ұстауды тапсырамын», – деді ол.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.