28-08-22 |
730 рет қаралған
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері төбелесті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері төбелесті

27 тамызда ASPAN спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кубогіне арналған жекпе-жек бойынша республикалық турнир өтті.

Аталған іс-шараның мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, күштік және арнайы құрылымдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің дене шынықтыру даярлығы деңгейін және қатысушылардың спорттық шеберлігі мен біліктілігін арттыру болып табылады.

Турнирге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Қаржы мониторинг агенттігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері қатысты.

Спортшыларды қолдауға бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сапиев пен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит келді.

Барлығы алты түрлі салмақ дәрежесі арасында 6 медаль жиынтығы ойнатылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.