25-08-22 |
570 рет қаралған
Теңіз кенішінде жұмысшы қаза тапты.
Теңіз кенішінде жұмысшы қаза тапты

Теңіз кенішінде жазатайым оқиға салдарынан бір жұмысшы қаза тапты, деп жазды ATPress.kz.

Теңіз кен орнының жоспарлы пневматикалық сынақтары кезінде қызметкері қаза тапқан қызметкер 50 жастағы Атырау қаласының тұрғыны екен. Қайғылы оқиға кеше Теңіз кенішінің Өркен вахталық кентінің аумағында болды.

Қазіргі уақытта оқиға болған кеніш аумағында барлық жұмыстар тоқтатылып, компания қызметкерлері вахталық қалашыққа жіберілген.

Қазіргі таңда аталған оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Infradel Projects мердіргер компаниясы мемлекеттік органдармен және прокуратурамен бірлесе отырып, жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Ал, қызметкерге келсек, оның отбасымен тығыз байланыстамыз. Кеше түнде жедел түрде марқұмның денесі туған-туысқандарына жеткізілді. Біз аталған қызметкердің отбасысына өтемақы төлеуге дайынбыз. Сондай-ақ, компания қаза тапқан қызметкердің жерлеу рәсімін өткізеді», – деді Infradel Projects мердігер компаниясының өкілі.

Оқиға бойынша әзірге құзырлы органдар мәлімет берген жоқ.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.