18-01-23 |
350 рет қаралған
TikTok интерфейсі қазақ тіліне аударылды.
TikTok интерфейсі қазақ тіліне аударылды

Android және iOS құрылғыларына арналған қосымшаның кейінгі жаңартылуында қазақ тілін таңдау опциясы пайда болды. Миллиардтаған қолданушысы бар әлемдегі ең танымал платформаның қазақшалануы жаңа мүмкіндіктерге жол ашары анық. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Facebook парақшасында жазды.

«Жалпы біздің елде TikTok қолданушылары арасында қазақ тіліндегі контентке сұраныс артып отыр. Мәселен, мәдени және тарихи құндылықтарды, мәдениетаралық диалогты насихаттауда «Ел бірлігі» ТikTok house жобасының мәні мен маңызы зор болды. Сондықтан өткен жолы TikTok компаниясының вице-президенті Тео Бэртрам мырзамен кездесуде TikTok интерфейсіне қазақ тілін енгізу және қазақша контентті бірлесе дамыту мәселелері жөнінде пікірлесіп, уағдаласқан едік», – деп жазды министр.

Таяуда елімізде TikTok компаниясының қазақстандық офисі ашылғаны да белгілі. Мұның бәрі осы платформаның еліміздегі белсенді қолданушыларына игі әсерін тигізері сөзсіз.

Министрлік өз тарапынан қазақ тілді контенттерді дамытуға, жаңа сапаға көтеруге байланысты жұмыстарды жалғастыра беретіндерін айтты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.