21-01-21 |
330 рет қаралған
Тоқаев дауға айналған Отбасы заңына қатысты пікір білдірді.
Тоқаев дауға айналған Отбасы заңына қатысты пікір білдірді

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамның қызу талқысына түсіп, дауға айналған Отбасы заңына заңына қатысты пікір білдірді.
Мемлекет басшысы ойын Twitter парақшасына жазды.

«Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы қоғамда қызу талқыға түсуде. Бұл – орынды. Өзекті мәселелер кеңінен талқылануға тиіс. Оның нормаларын мұқият қарап, барлық пікірлерді ескерген жөн. Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау»– деп жариялады президент.

Осыған дейін көпбалалы аналар отбасыдағы зорлық-зомбылыққа қатысты жаңа заңға өз қарсылықтарын ашық білдіріп, министрлік ғимаратына барды. Сонымен қатар, желіде эстрада жұлдыздары мен заңгерлер талқылады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.