20-01-21 |
750 рет қаралған
Тоқаев Есімовтен есеп алды.
Тоқаев Есімовтен есеп алды

Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті Ақордаға шақырып, бірқатар нақты тапсырма берді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Кездесуде Есімівтың 2020 жылы атқарған жұмыстары баяндалды. Ақорданың ресми сайтының мәлімдеуінше, Есімов жетістіктерін тізген. Жаһандық дағдарыс пен пандемияға қарамастан холдинг былтыр өз қызметін табысты атқарған. Қорға қарасты компаниялар қызметкерлерінің жаппай қысқаруына жол бермеген. Қор компанияларының активтерінің өсімі 800 миллиард теңгеге жеткен.

Ахметжан Есімов соңғы 3 жылда «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры займдарды өтеу үшін өз бастамасымен Ұлттық қорға 554 миллиард теңге қаржы аударды. Холдингке қарасты компаниялардың бизнес-үдерістерін цифрлық трансформациялау нәтижесінде 171 миллиард теңге пайда түскен.

2018-2020 жылдардың қорытындысына сәйкес сатып алулар бойынша үнемделген қаржы 410 миллиард теңге болды.

Атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижесінде «Самұрық-Қазына» холдингінің кредиттік рейтингі BB+/B «Тұрақты» деңгейде екенін халықаралық Standart & Poor`s рейтинг агенттігі нақтылады.

Ахметжан Есімов «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мұнай бағасының едәуір арзандағанына және OPEC+ компаниясының шектеулеріне қарамастан, қаржылық рейтингте оң көрсеткішін сақтап қалды. «Қазақстан Темір Жолы» акционерлік қоғамы соңғы 6 жылда бірінші рет өткен жылды қаржылық тұрғыдан пайдамен аяқтаған. «Қазатомөнеркәсіп» ҰК» акционерлік қоғамы активтерінің құны IPO-ға (2018 жылы) шығарылғалы бері 2,1 миллиардтан 5,1 миллиард АҚШ долларына дейін көтерілген. «Самұрық–Энерго» акционерлік қоғамының қарызы 100 миллиард теңгеге азайып, қаржы тұрақтылығының «қызыл» аймағынан «жасыл» аймағына өтті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.