08-04-23 |
550 рет қаралған
Украинамен соғысудан бас тартқан Мурманск облысының тұрғыны сотталды.
Украинамен соғысудан бас тартқан Мурманск облысының тұрғыны сотталды

Мурманск облысындағы Заозерский гарнизонының әскери соты аға лейтенант Дмитрий Василецті Украинадағы соғысқа барудан бас тартқаны үшін екі жыл бес айға колонияға тоғыту туралы үкім шығарды.

Әскери қызметкердің қорғаушысы Эльвира Тарасова түсіндіргендей, қарулы қақтығыс жағдайында белгіленген тәртіппен берілген бұйрықты орындамағаны үшін Василец кінәлі деп танылған (РФ Қылмыстық кодексінің 332-бабының 2.1-тармағы).

Әскери омбудсмен Максим Гребенюктің айтуынша, прокуратура өз кезегінде Василецті үш жылға соттауды талап еткен.

Толық ауқымды ресейлік агрессия басталғанға дейін Василец Мурманск облысындағы Печенгада қызмет етті. 2022 жылдың ақпанында оны Украинаға соғысқа жіберген.

Бес айдан кейін демалысқа шыққан ол Бурятияға қайтыс болған әріптесінің ата-анасына барады. Сол жерде буддизмді қабылдайды. Демалыстан оралған соң Василец өз ұстанымына байланысты команданың майданға оралу туралы бұйрығын орындаудан бас тартады.

2022 жылдың тамызында ол іссапардан бас тарту туралы арыз берді, бір айдан кейін ол қайтадан құжат жазды, содан кейін қазан айында соғыс қимылдарына қатысудан бас тартқаны үшін іс қозғалған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.