12-08-22 |
730 рет қаралған
Жасөспірім апасын өлтіріп, үйін өртеп жіберген.
Жасөспірім апасын өлтіріп, үйін өртеп жіберген

Алматы қаласы прокуратурасының мәліметінше, аталған оқиға 2020 жылдың 9 қарашасында Медеу ауданында болған. Өрттен кейін қарт әйелдің өртенген мәйіті табылған.

Жүргізілген медициналық-сараптамалық сот әйелдің өлімі техникалық электр қуатымен зақымдану нәтижесінде пайда болғанын және жедел жүрек тамыр мен тыныс алу жеткіліксіздігінің салдарынан болғанын көрсеткен.

Ал, өрттің шығу себебі ұзартқыш электр сымы жұмысының авариялық режимінен туындаған деп көрсетілген. Осы сараптамалардың нәтижелерін ескере отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылған.

Арада біраз уақыт өткен соң қайтыс болған адамның туыстарының өтінішімен Медеу ауданының прокуратурасы іс жүргізуді қайта бастаған.

«Қадағалау органының нұсқауы бойынша мәйітті эксгумациялау жүргізілді және комиссиялық сот-медициналық сараптама тағайындалды, бірқатар басқа тергеу әрекеттері жүргізілді. Қосымша сараптаманың қорытындысы бойынша өлімнің себебі мойынның қолмен қысылуымен механикалық асфиксия болғандығы анықталды»,-деді прокуратурадағылар.

Қайтыс болған адамның 18 жастағы немересі отбасылық жанжалдың салдарынан әжесін өлтіргенін айтып, мойындады. Үйде болған ақша мен зергерлік бұйымдарды иемденіп, қылмыстың іздерін жасыру үшін ол әдейі өрт шығарған.

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы кісі өлтіргені, сондай-ақ мүлкін ұрлағаны үшін кінәлі деп танылып, 12 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.