01-10-22 |
890 рет қаралған
ЖСДП президенттікке өз кандидатын ұсынды.
ЖСДП президенттікке өз кандидатын ұсынды

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия өзінің президенттікке кандидаты ретінде Нұрлан Әуесбаевты ұсынды.

Нұрлан Әуесбаев 1957 жылы туған, Түркістан облысының тумасы. Астана тұрғыны.

ЖСДП елордалық филиалының басшысы.

Жоғары білімі бар, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Ұзақ уақыт жергілікті атқарушы органдарда жауапты лауазымдарда жұмыс істеген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.