Logo
Іздеу
Айдарлар

Парижде барлығы 80 спортшы ел намысын қорғайды.

/
Парижде барлығы 80 спортшы ел намысын қорғайды.

Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қабылдады

Парижде барлығы 80 спортшы ел намысын қорғайды

Ермек Маржықпаев:

  • ел спортшыларының ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына дайындығы туралы есеп берді;
  • лицензиялық турнирлердің қорытындысы жөнінде баяндады:

    – төрт жылдықтың басты додасына Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 25 түрінен 92 лицензия иеленген;

    – Парижде барлығы 80 спортшы ел намысын қорғайды.

  • ұлттық құраманың Олимпиадаға дейінгі оқу-жаттығу жиындары мен спортшыларды қолдау шаралары туралы айтты;
  • спортты басқару институттарын жетілдіру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың есебін берді.

Мемлекет басшысы Олимпиада ойындарының спортшыларымызға зор жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы әлем алдында мәдениетті, ұстамды әрі озық үлгілерімен ерекшеленуге тиіс екеніне назар аударды.

Серіктес жаңалықтары