16-02-24 |
7910 рет қаралған
Асқар Мамин мен Болат Өтемұратовқа жаңа қызмет ұсынылып отыр….
Асқар Мамин мен Болат Өтемұратовқа жаңа қызмет ұсынылып отыр…

Депутаттардың федерацияларға отырып алған олигархтардың спортқа пайдасы жоқ деген сынынан кейін ҰОК басшысын сайлау басталды. Негізгі үміткер атақты боксшы Геннадий Головкин. Дауыс беру 26 ақпанға белгіленген.

Желіде ҰОК басшыларын сайлау жөніндегі хат тарап кетті. Онда Ескі Қазақстанның бірқатар шендісі басшылық қызметке ұсынылатыны көрсетілген.

Мәселен, Қыстық спорт түрлері бойынша вице-президенттік қызметке бұрынғы премьер-министр Асқар Мамин ұсынылған, олигарх Болат Өтемұратовты ҰОК өкілдігіне, Жазғы спорт түрлері бойынша Данияр Абұлғазин, ал, Халықаралық ықпалдастық мәселесі жөніндегі вице-президенттікке Андрей Крюковтың кандидатурасы қаралып жатқанын көруге болады.

Паралимпиадалық спортты дамыту жөніндегі вице-президент лауазымына Серік Сәпиев, ҰОК бас хатшысы лауазымына Жанар Өтешева ұсынылмақ.

Головкин осындай вице-президенттермен сайланса, тәуелсіз тұлға болып, отандық олимпиадалық спорттағы жағдайды түбегейлі өзгерте алмасы анық.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.