Logo
Іздеу
Айдарлар

Алматыдағы марафонға 17 мың адам қатысып жатыр.

/
Алматыдағы марафонға 17 мың адам қатысып жатыр.

Алматыда сегізінші рет «Алматы Марафон» спорт қайырымдылық шарасы өтіп жатыр. Марафонға 17 мың адам қатысуда.

Бірінші болып 3 шақырым қашықтыққа балалар жүгірді. Одан кейін 42 және 21 шақырым қашықтыққа жүгіріс басталды. Осы қашықтықта жүгірген жеңімпаздарға ақшалай сыйлық беріледі.


1 орын (42 шақырым) — 400 мың теңге;
1 орын (21 шақырым) — 250 мың теңге;
2 орын (42 шақырым) — 300 мың теңге;
2 орын (21 шақырым) — 150 мың теңге;
3 орын (42 шақырым) — 250 мың теңге;
3 орын (21 шақырым) — 120 мың теңге.

Бұдан бұрын «Алматы Марафона-2019» спорт шарасына 53 елден 17 мың спортшы қатысады деп хабарланған.

Серіктес жаңалықтары