21-02-24 |
3670 рет қаралған
Ақтаулық хакер 3 жылға сотталды.
Ақтаулық хакер 3 жылға сотталды

Ақтауда хакерді үш жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

«Сотталушы елдің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының маңызды нысандары болып табылатын мемлекеттік ақпарат жүйелеріне заңсыз қол жеткізуді жүзеге асырғаны тергеумен анықталды. Фигуранттың ақшалай сыйақыға одан әрі үшінші адамдарға беру үшін ҚР азаматтарының жеке деректерін заңсыз алу фактісі толық дәлелденді», – делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 147-бабы 3, 4-бөліктері, 205-бабы 2-бөлігі және 208-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылықты жасауда кінәлі деп танылған Қазақстан азаматына қатысты Ақтау қаласы сотының үкімі заңды күшіне енді.

Ол 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.