27-09-19 |
680 рет қаралған
Бағдат Манзоровтың ұсталғаны расталды.
Бағдат Манзоровтың ұсталғаны расталды

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровтың ұсталғанын жемқорлыққа қарсы күрес қызметі растады.

«Алматы облысы әкімінің орынбасары Манзоров мырзаның ұсталғаны рас.  Мұны растаймыз. Қазір ол уақытша тергеу изоляторында. Дәл қазір оған ққылмыстық кодек бойынша қандай айып тағылғанын және қандай бұлтартпас шара қолданылатынын қарастырып жатырмыз», – деді жемқорлыққа қарсы күрес қызметі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов.

Кеше Бағдат Манзоровтың ұсталғаны жайлы ақпарат тараған. Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі оны іссапарда жүр, құзырлы орындарға интернетте тараған ақпарат бойынша сұрау саламыз деген еді. Міне, бүгін ақпарат расталып, Манзоровтың ұсталғаны мәлім болды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.