13-02-24 |
3320 рет қаралған
“Дипломат” қонақүйі үшін пара бермек болған Арыстанбек Мұхамедиұлы сотталды.
“Дипломат” қонақүйі үшін пара бермек болған Арыстанбек Мұхамедиұлы сотталды

2024 жылғы 13 ақпанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Арыстанбек Мұхамедиұлына, оның жұбайы Ғалия  Ысқақоваға және адвокаты Мұстахим Түлеевағаға қатысты үкім шығарды.

Тергеу барысында Мұхамедиұлы аса ірі мөлшерде пара беруге оқталды деп (ҚК 24-бабының 3-бөлігі – 367-бабының 4-бөлігі), Иысқақова – парақорлыққа делдалдық жасады деп (ҚК 368-бабының 1-бөлігі) және Түлеева – аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деп (ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы) айыпталды.

Сотта Арыстанбек Мұхамедиұлы 2022 жылдың желтоқсанында Астана қаласының тергеу изоляторында болған кезінде қамаудан босатылып, «Дипломат» қонақ үйін меншігінде ұстап қалғысы келіп, адвокат Түлеева арқылы лауазымды тұлғаларға аса ірі мөлшерде пара беруге қылмыстық ниет білдірген. Бұл ретте өзінің жұбайы Ысқақованы парақорлыққа делдал ретінде тартуға шешім қабылдаған.

Әрі қарай, жұбайы Мұхамедиұлымен келісіп, Түлеевамен келіссөздер жүргізіп, заңсыз ақшалай сыйақыны лауазымды адамдарға беру туралы келісімді жүзеге асыру мақсатында Түлееваға Мұхамедиұлының пара беруге дайындығы туралы хабарлайды.

2022 жылдың желтоқсанында Ысқақова кафеде «Дипломат» қонақ үйінің мәселесін шешу үшін Түлееваға 140 мың АҚШ долларын жеке өзі табыстаған.

2023 жылдың қаңтарында жұбайы Түлееваның көлігінде делдал рөлін атқара отырып, Мұхамедиұлына қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту үшін 120 мың АҚШ долларын өзі тапсырғаны да сотта айтылды.

2023 жылдың сәуірінде Ыдырысова жүргізушісі арқылы Түлееваға жазасын жеңілдету үшін тағы да 100 мың АҚШ долларын берген.

2023 жылдың маусымында ол тағы да делдал рөлін атқара отырып, өзінің ұлы арқылы Түлееваға 27 млн теңге және 40 мың АҚШ доллары сомасында ақша берді.

Осылайша Түлеева алдау және сенімге қиянат жасау арқылы ақшаны иемденіп, оларды өз қалауы бойынша басқарған.

Сотта прокурор айыптауды қолдап, Мұхамедиұлына ҚК-нің 58-бабын қолдана отырып, 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, Түлееваны 6 жыл 8 ай бас бостандығынан айыруды, ал жұбайы Ысқақвоваға 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сотталушылар тағылған айыпты мойындамай, оларды ақтауды сұрады.

Сотталушылардың кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

«Сот шешімімен ҚК 367-бабы 4-бөлігінің санкциясы айыппұл немесе 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі негізгі жазаны көздейді. ҚК 368-бабының 1-бөлігі айыппұл немесе 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі негізгі жазаны көздейді. ҚК 190-бабының 4-бөлігі 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі негізгі жазаны көздейді», – делінген хабарламада.

Сот Түлееваның жас балаларының болуын, Ысқақованы оның асырауында қарт анасының болуын қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды.

Мұхамедиұлына қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ.

Сотталушылардың жауапкершілігі мен жазасын ауырлататын мән-жайлар анықталмады.

Сот үкімімен Мұхамедиұлы аса ірі мөлшерде пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылып, ҚК-нің 58-бабының 3 және 6-бөліктері негізінде, 20.06.2023 жылғы Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен тағайындалған қатаң жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға тыйым салына отырып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ысқақова парақорлыққа делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп танылып (ҚК 368-бабының 1-бөлігі), өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салынып, 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Түлеева аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып (ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы), 10 жыл мерзімге адвокаттық қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Фото: Zakon.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.