Қостанайда өтіп жатқан Футболдан БАҚ лигасы кезінде қазақстандық төрешіні балағаттаған ресейлік Дмитрий Кузнецов павлодарлық «Ертіс» клубының футболшыларын жаттықтырған. Бірақ оның жаттықтырушылық жұмысы көпке созылмапты.
Қазақстандық төреші Әліби Мерғазыға көпшілік алдында тіл тигізген Ресей құрамасының бапкері Дмитрий Кузнецов Павлодардың «Ертіс» клубында жұмыс істеген. Ол 2017 жылдың соңында жаттықтырушы ретінде келісімшартқа отырған.
Алайда, 2018 жылдың сәуірінде ол испандық Жерар Нус Казанова жұмыстан босатылғаннан кейін бас бапкер қызметін атқара бастаған. 2018 жылдың маусым айында «Ертістің» бас бапкері болып Дмитрий Кузнецов тағайындалды. Бірақ көп ұзамай оның PRO жаттықтырушы санаты болмағаны және осы себепті Еуропа лигасында бас бапкер ретінде жариялана алмайтыны белгілі болды. Осыдан кейін Дмитрий Кузнецов тағы бір жыл «Ертісте» бапкердің көмекшісі болып жұмыс істеп, 2020 жылы Мәскеудің «Гераклион» клубына ауысқан.
Еске салсақ, Дмитрий Кузнецов «SD Family» қазақстандық командасы мен ресейлік 2Drots арасындағы матчта «Футбол медиа лигасы» кезінде жағымсыз сөздерімен бүкіл Қазнетте танымал болды. Ол өз ойыншысына сары қағаз бергені үшін төрешіні «Чукча еобанный» деп балағаттаған.
Ресейдің Қазақстандағы елшілігі «біз мұндай әрекетке мүлдем жол берілмейтінін хабарлаймыз» деп мәлімдеді.
Ал, ел тұрғындары Кузнецовты Қазақстанға кіргізбеу керек деген ойларын білдіруде.
-
03.10.2024
-
03.10.2024
-
03.10.2024
-
03.10.2024
-
03.10.2024
-
03.10.2024
-
03.10.2024
-
03.10.2024
-
03.10.2024