23-04-21 |
1430 рет қаралған
Арыстанбек Мұхамедиұлы 100 адам шақырып той жасаған.
Арыстанбек Мұхамедиұлы 100 адам шақырып той жасаған

фото: t.me/chinovnik_kz

11 сәуірде Астанадағы «Дипломат» қонақ үйінде 100 адам шақырып, экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы қызы Айжанның сырға салу тойын жасаған. Бұл туралы шенеунік телеграм каналы жазады. Қонақ үйі қызметкерлеріне фото/видеоға түсіруге тыйым салынған екен.

Арыстанбек Мұхамедиұлы Qasqa Jol Youtube-каналына берген сұхбатында ««Дипломаттың» 71%-ы менің енемнің атында. Оны біз 2020 жылы сатып алдық» деген еді.

Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты Астана қызыл аймаққа енген қалалар қатарында. Яғни көпшілік қатысатын іс-шаралар өткізуге болмайды.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.