Алматыда өзін инвестициялық қор ретінде көрсеткен қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша тергеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Amir Capital» үш жыл бойы қаражатты қазақстандықтардан ғана емес, Беларусь, Ресей және Қырғызстан азаматтарынан да белсенді түрде тартқан.
«Салымшыларға криптовалютамен сауда жасаудан, майнингтен және түрлі жобаларға инвестиция салудан 5–10% табыс алу ұсынылған», – деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА).
Нәтижесінде пирамидаға 40-тан астам адам тартылған.
2021 жылдың соңында салымшыларға «amir.capital» платформасындағы жеке кабинеттерінен қаражат шығару мүмкіндігі шектелді. Ұйымдастырушылар мұны техникалық ақаулармен түсіндіріп, төлемдерді қалпына келтіруге уәде бергенімен, қолжетімділік ешқашан ашылмаған.
Сот санкциясымен 10 млн АҚШ долларынан асатын криптоактивтерге, сондай-ақ Алматы облысындағы жер учаскесіне тыйым салынды.