Logo
Іздеу
Айдарлар

10 қазанға арналған ауа райы болжамы

/
10 қазанға арналған ауа райы болжамы
Сурет: pexels

Бүгін Қазақстан бойынша ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді. Алайда ауа райы мінез танытып, қатқақ пен шаңды дауылдар күтіледі, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Қазгидромет» мәліметінше, Маңғыстау, Атырау және Қызылорда облыстарында шаңды дауыл соғады. Жамбыл, Жетісу және Алматы облыстарында синоптиктер үсік болатынын болжайды.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында — қатты жел күтіледі.

Қысқаша мәлімет:

▪️ Астанада күндіз +13…+15 °C, түнде 0…+2 °C. Желдің жылдамдығы — 7–12 м/с.

▪️ Алматыда күндіз +16…+18 °C, түнде +3…+5 °C. Желдің жылдамдығы — 3–8 м/с.

▪️ Шымкентте күндіз +22…+24 °C, түнде +10…+12 °C. Желдің жылдамдығы — 8–13 м/с.