Logo
Іздеу
Айдарлар

Жел, тұман — 14 қазанға арналған ауа райы болжамы

/
Жел, тұман — 14 қазанға арналған ауа райы болжамы
Сурет: ЖИ

«Қазгидромет» болжамына сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Тек республиканың батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында жаңбыр, кей жерлерде қар күтіледі.

Ел аумағында жел күшейіп, тұман түседі, ал оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін.

▪️ Астана қаласында ауыспалы алабұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде −7–9 °C, күндіз +2–4 °C.
▪️ Алматы қаласында ауыспалы алабұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +5–7 °C, күндіз +15–17 °C.
▪️ Шымкент қаласында ауыспалы алабұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +7–9 °C, күндіз +24–26 °C.