Logo
Іздеу
Айдарлар

"Әлі күнге дейін кешіре алмаймын": Медеу Арынбаев қызы туралы айтып, жұртты жылатты

/
"Әлі күнге дейін кешіре алмаймын": Медеу Арынбаев қызы туралы айтып, жұртты жылатты
ашық дереккөзден

Белгілі әнші Медеу Арынбаев өмірінде өшпес із қалдырған өкінішімен бөлісті. Ол бұл туралы "Хабар" арнасына берген сұхбатында айтып, көпшіліктің жүрегін толқытты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әншінің сөзінше, марқұм жары Айгүл Арынбаева екінші сәбиіне жүкті болған кезде, ол баланың ұл болатынына кәміл сеніп, соған қуанып жүрген. Алайда өмір басқа бағытта өрбіген.

"Келіншегім екінші сәбиімізге жүкті болды. Жастық қой, бұл сәбиіміз де ұл болады деп сеніп, күттім.  Босанатын уақыты жеткенде перзентханаға апарып, орналастырып, кері қайттым. Бір-екі күннен кейін босанады деп ойлап, достарымызбен тойлауды бастап кеттік. Әне міне, дүниеге келетін сәбиді ұл деп, тостымызды сол ұлға арнап отырғанбыз. Бір кезде телефон шырылдады. Тұтқаның арғы бетіндегі дауыс әйелімнің босанғанын айтып, "өмірге қызыңыз келді" деп құттықтады. Біртүрлі боп қалдым... "Жігіттер, ұл емес, қыз екен" дегенімді әлі күнге дейін кешіре алмаймын. Қазір қызымды әр сүйген сайын сол күнгі әрекетім үшін іштей кешірім сұрай беремін", – деді Медеу Арынбаев.

Әнші бұл оқиғаны өмірінің ең ауыр әрі ең үлкен сабағы деп бағалайды.

Айта кетейік, Медеу Арынбаев марқұм жары, әнші Айгүл Арынбаевамен (Үмбетәлиева) 1996 жылы "АБК" тобының алғашқы концерттерінің бірінде танысып, екі айдан кейін шаңырақ көтерген. Бір жылдан соң ұлы Дәулет, ал екі жылдан кейін қызы Дайана дүниеге келген.