«Қазгидромет» мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Тек еліміздің батысы мен солтүстік-батысында жаңбыр жауады деп күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі және таңертең тұман түсуі ықтимал.
▪️ Астанада – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде −3–5 °C, күндіз +12–14 °C.
▪️ Алматыда – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +8–10 °C, күндіз +19–21 °C.
▪️ Шымкентте – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +8–10 °C, күндіз +24–26 °C.