Logo
Іздеу
Айдарлар

Жаңбыр мен жел: 28 қазан күнгі ауа райы болжамы

/
Жаңбыр мен жел: 28 қазан күнгі ауа райы болжамы
Сурет: pexels

Елдің батысында синоптиктер жаңбыр, желдің күшейуін күтуде. Солтүстікте, орталықта және шығыста — негізінен жауын-шашынсыз. Ал оңтүстікте жаңбыр жауады, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Қазгидромет» мәліметінше, республика бойынша түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз: солтүстікте +10…+15°C, орталықта және шығыста +10…+18°C, оңтүстікте +20…+28°C, батыста +9…+17°C болады.

▪️ Астана: күндіз +9…+11°C, түнде –1…–3°C. Жел жылдамдығы — 5–10 м/с.

▪️ Алматы: күндіз +16…+18°C, түнде +8…+10°C, кейде жаңбыр. Жел жылдамдығы — 3–8 м/с.

▪️ Шымкент: күндіз +21…+23°C, жаңбыр жауады. Түнде +9…+11°C, жауын-шашын жоқ. Жел жылдамдығы — 8–13 м/с.