Белгілі әзілкеш, шоумен Тұрсынбек Қабатов 26 қазанда Өскемен қаласында өтуі тиіс болған концертін күтпеген жерден кейінге қалдырғанын хабарлады, деп жазады Arasha.kz.
Өнер иесі Instagram парақшасында арнайы жазба қалдырып, денсаулығына байланысты концерттің өтпей қалғанын айтып, көрермендеріне алғыс білдірді.
"Бүгін Өскемен қаласындағв көрермендеріне түсіністік танытқандарыңыз үшін мың алғыс! Денсаулығыма байланысты аяқ асты концерт болмай қалды. Мен сіздерді 28.11.25 күтемін. Мың алғыс! Аман болайық", – деп жазды Тұрсынбек Қабатов.