«Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 390 Жарлығымен қабылданды. Тұжырымдаманың бірінші кезеңі 2020-2025 жылдар аралығында жүзеге асып, жемісін беріп жатыр деуге болады. Енді алда елімізді екінші кезеңі күтіп тұр. Ол 2026-2030 жылдар аралығында болады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Жоба аясында азаматтық қоғам белсенділері, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар, оның ішінде ‒ жастар, мүгедектер, қоршаған ортаны қорғау белсенділері, адам құқықтары бойынша құрылған ұйымдарды қолдау жүзеге асып жатыр.
2015 жылы «Қоғамдық кеңестер туралы» заң қабылданғаны белгілі. Бүгінде Қазақстан Респубикасы азаматтары мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері мемлекеттік шешімдерді талқылауға, мониторинг пен сараптама жасауға қатыса алады. Бұл азаматтық қоғамның ролін арттыруға қосылып жатқан сүбелі үлес.
Ал әр мекемедегі қарқынды жұмыс істеп жатқан кәсіподақтар, елдегі кәсіподақтар қауымдастықтарының белсенділігіне қарап, азаматтық қоғамның кірпіші қаланып жатқанына көз жеткізуге болады.
Елімізде жұмыс істеп жатқан 7200-ден астам қор болса, олардың ішінде «қайырымдылық» деген сөз қосылған заңды тұлғалар саны ‒ 1353 екен. Қайырымдықыл қорларының жасап жатқан жұмыстары бүгінде көз алдымызда деуге болады. Жетімін жебеп, жесірін демеп жүрген қайырымды халық осындай қорларға миллиондап ақша аударып жатады. Ал ірі жеке және Ұлттық компаниялар мен кәсіпорындар өз алдына қайырымдылыққа қаражат бөліп, елде мектеп, аурухана және басқа да қажетті инфроқұрылымдардың салынуына өз үлесін қосуда.
Осы ретте азаматтық белсенділік пен бастамалардың басы-қасында тұрған кәсіпкерлер қауымдастықтары мен бизнес-палаталар туралы да айта кеткен жөн. Мысалы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы он екі жыл бұрын құрылып, өз жұмысын сәтті жүргізіп келеді.
Елімізде жастар қозғалысы, экобелсенділерден тұратын қозғалыстар және басқа да ұйымдардың да азаматтық қоғамда өз орны бар.
Бұлардың барлығы Қазақстандағы азаматтық қоғам құрушы факторлар болып табылады.