Logo
Іздеу
Айдарлар

Президент әскерде қаза тапқан сарбаздардың мәселесін шешуге 12 күн уақыт берді

/
Президент әскерде қаза тапқан сарбаздардың мәселесін шешуге 12 күн уақыт берді
Фото: ашық дереккөзден алынды

Президент Бас прокурорға әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарынан түскен арыз-шағымды 12 күн ішінде қарастырып, істі тергеу барысында заңның сақталуына баға беруді тапсырды. Бұл туралы ҚР  Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды arasha.kz.

Бұған дейін, 10 қараша күні әскерде қаза тапқан және зардап шеккен жігіттердің аналары күні бойы Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланға өз мұңын жеткізуге тырысқаны туралы жазған болатынбыз. 

Тағы оқыңыз: Әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарын Байқоңыр аудандық полиция басқармасына алып кетті