Logo
Іздеу
Айдарлар

3 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

/
3 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Сурет: pexels

Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы, синоптиктер жаңбыр мен қар күтілетінін айтуда, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Қазгидромет» мәліметінше, республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында аздаған бұрқасын мен көктайғақ болады. Батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жауын-шашын жоқ. Ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.

Бірқатар өңірлерде бүгін көктайғақ пен тұманға байланысты дауылды ескерту жарияланған.

▪️ Астанада күндіз 0…+2 °C, жаңбыр, қар, тұман. Түнде 0…–2 °C, кей уақытта қар, аздаған бұрқасын, көктайғақ. Желдің жылдамдығы — 7–12 м/с.

▪️ Алматыда күндіз +8…+10 °C, түнде –1…–3 °C, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы — 3–8 м/с.

▪️ Шымкентте күндіз +12…+14 °C, түнде +2…+4 °C, кей уақытта жаңбыр. Желдің жылдамдығы — 3–8 м/с.