«Қазгидромет» мәліметінше, дүйсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады. Шығыс, солтүстік және орталық өңірлерде жаңбыр, қар және бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Arasha.kz.
Солтүстік пен орталықта күн күрт суытып, ауа температурасы –33°C-қа дейін төмендейді. Республика бойынша тұман, көктайғақ және желдің күшеюі болжанған. 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды.
▪️ Астанада бұлтты, қар, бұрқасын. Температура түнде −3–5 °C, күндіз −3–5 °C.
▪️ Алматыда ауыспалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр қарға ұласады. Температура түнде −1…+1 °C, күндіз +4–6 °C.
▪️ Шымкентте бұлтты, кей уақытта жаңбыр. Температура түнде +1–3 °C, күндіз +4–6 °C.