Продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатов пен балалардың арасындағы қарым-қатынасқа қатысты ел біле бермейтін мәліметті жария етті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бұған дейін журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында Мөлдір экс-күйеуінің балалардың телефон нөмірін бұғаттағанын айтқан еді. Алайда Тұрсынбек Қабатов бұл ақпаратты жоққа шығарған болатын.
Мөлдірдің айтуынша, дәл сол сұхбаттан кейін Тұрсынбек алғаш болып балаларға хабарласқан.
"Сол сұхбаттан кейін балаларға хабарласып, сөйлесті. Әдемі басқа елде оқып жатыр. Қызына "Әдемі, саған рақмет" деп айтқан екен. Жүрегі елжіреп, кішкене дауысы дірілдеп тұрған екен. Әдемі оған: "Папа, не үшін рақмет айтып жатырсыз? Сіз менің әкемсіз ғой. Мен де сізді сағындым. Хабарласқаныңызға рақмет" деп жауап беріпті. Әкелерінің жүрегі өте кең адам ғой. Бұл – уақытша қателік. Дәл сол уақытта балалардың нөмірін бұғаттапты. Сол сәтте өзім қасында болмағаннан кейін Тұрсынбектің өзі бұғаттады ма, әлде қасындағы адамдар бұғаттады ма? Біз білмейміз ғой. Сондықтан мен тек фактілерді айтамын. Қаншама уақыт бойы біз хабарласа алмай, жазбаларымызға жауап ала алмадық. Бір-ақ галочка ғана көрінетін. Телефоннан қоңырау бармады, байланысқа шыға алмай қалдық. Қиналып кеттік, сағындық, жыладық… Әсіресе Айару мен Нұриман… Сондай сәттер болды. Сол сәтте эмоцияға беріліп осындай қиыншылықты айтып қойдым", – деді Мөлдір Мұқанова.